Қазақстанда тегін дәрілер тізіміне 23 жаңа препарат қосылуы мүмкін

Азиз Қалижан Редактор
01.05.2026, 12:30
1086
Қазақстанда тегін дәрілер тізіміне 23 жаңа препарат қосылуы мүмкін iStock

Ауыр дертке шалдыққан науқастарға жаңа препараттар тегін ұсынылуы ықтимал.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне 23 жаңа препарат енгізу ұсынылды. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжат амбулаториялық деңгейде азаматтарды тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға бағытталған. Жоба талқылауы 2026 жылдың 20 мамырына дейін жалғасады.

Министрлік түсіндірмесіне сәйкес, негізгі мақсат — науқастардың заманауи әрі тиімді емге қолжетімділігін арттыру және дәрілік қамтамасыз ету жүйесін халықаралық клиникалық стандарттарға сәйкестендіру.

Жаңартылған тізімге 16 түрлі ауру бойынша инновациялық 23 препарат енгізілмек. Атап айтқанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан балалар үшін «Ивабрадин» мен «Сакубитрил/Валсартан» комбинациясын қосу ұсынылған.

Ал бронх демікпесінің ауыр түрімен ауыратын пациенттерге «Омализумаб» препаратын беру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге ювенильді артритке шалдыққан науқастарға арналған терапия да кеңейтіледі. Тізімге «Канакинумаб», «Тоцилизумаб», «Голимумаб» және «Адалимумаб» секілді заманауи дәрілер енгізілмек.

Бұйрық жобасында қазіргі емдеу стандарттарына сәйкес келмейтін ескірген бірқатар препараттарды алып тастау да қарастырылған.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл шешім бюджет қаржысын тиімді жұмсауға және амбулаториялық дәрімен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат Формулярлық комиссияның шешімдері негізінде әзірленген. Егер өзгерістер қабылданса, пациенттер халықаралық стандарттарға сай ем алу мүмкіндігіне ие болады.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді