SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал әлеуметтік желіге тарап, полиция тексеру бастады.
Интернетте жарияланған видеода екі ер адамның аялдама маңында төбелесіп жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға автобус жүргізушісі мен жолаушы қатысқан.
Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысушылардан арыз түспегеніне қарамастан, бұл дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ полиция дауларды күш қолдану арқылы шешу заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
DXtGNz2DE–5
RUS