Тойдағы қатты музыканың кесірінен 140 тауық қырылып қалды

Аиса Махамбет Редактор
01.05.2026, 15:47
1767
Тойдағы қатты музыканың кесірінен 140 тауық қырылып қалды depositphotos.com

Тойдағы шу салдарынан тауықтардың иесі үлкен шығынға ұшырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үндістанның Уттар-Прадеш штатында үйлену тойындағы қатты музыка күтпеген салдар тудырып, полиция тергеу бастады. Оқиғаға байланысты жергілікті диджейге қатысты іс қозғалды.

Сұлтанпур ауданының тұрғыны, фермер Сабир Али полицияға шағым түсіріп, той кезіндегі дыбыстың шамадан тыс қатты болғанын айтқан. Оның сөзінше, сол уақытта қасында орналасқан құс фермасында 140 тауық қырылып қалған.

Оқиға 25 сәуір күні шамамен 21:30 шамасында болған. Той кортежі музыкалық сүйемелдеумен ферма маңынан өткен сәтте қатты шу пайда болған. Фермердің айтуынша, құстар қатты үрейленіп, жаппай қырылған.

«Шу өте қатты болды, тауықтар қорқып, қырылып қалды», — делінген жергілікті полицияға берілген арызда.

БАҚ мәліметінше, құқық қорғау органдары диджейге қатысты іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар сол уақытта дыбыс деңгейі рұқсат етілген нормадан асқан-аспағанын және бұл жағдай құстардың қырылуына тікелей әсер еткен-етпегенін анықтауда.

Сарапшылар қатты дыбыстың жануарларға стресс тудыратынын жоққа шығармайды, бірақ нақты салдарын әр жағдайда жеке зерттеу қажет екенін айтады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды