SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде 4 мамыр күні доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, ел бойынша валюта бағамы мынадай қалыптасты.
Астанадағы айырбастау орындарында доллар 459,06 теңгеден сатып алынып, 465,98 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы — 537,02 теңге, сату бағасы — 546,91 теңге. Ресей рублі 5,85–6,15 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда доллар бағамы сәл жоғары. Мұнда америкалық валюта 461,92 теңгеден қабылданып, 464,15 теңгеден сатылуда. Еуро 541,73–546,83 теңге аралығында құбылып тұр. Рубль бағамы 5,94–6,08 теңге деңгейінде қалыптасқан.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 463,5 теңгеден сатып алынып, 465,40 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 539,47–544,30 теңге аралығында. Ал рубль 6,01 теңгеден қабылданып, 6,09 теңгеден өткізілуде.
Ұлттық банктің ресми мәліметіне сәйкес, 4 мамырдағы ресми валюта бағамы мынадай:
– 1 доллар — 462,91 теңге;
– 1 еуро — 542,16 теңге;
– 1 рубль — 6,16 теңге.
RUS