SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полицейлерінің қатысуымен түсірілген видеоны жариялады.
Видеода әншінің көлік салонында отырғаны, ал жүргізушінің жол полициясы қызметкерлерімен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Оқиға Өскемен қаласындағы Бажов көшесінде болған.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні Lexus LX 570 маркалы көлігі тоқтатылған.
Тексеру барысында көліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне қара түсті рұқсат етілмеген тонировка жабыстырылғаны анықталған. Осыған байланысты жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін айтып, жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Белгілі болғандай, Мақпал Жүнісова Өскеменге концерт өткізу үшін барған.
RUS