703

«Жұмысқа кетіп оралмады»: Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Бірнеше күн іздеуде болған тұрғынның мәйіті табылды.

«Жұмысқа кетіп оралмады»: Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
vse42.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында бірнеше күн бойы іздеуде болған ер адамның денесі табылды.

Мәліметке сәйкес, ер адам 2 мамыр күні Целиноград ауданынан өлі күйінде табылған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, ол жұмысқа бара жатқан жолда байланысқа шықпай қалған. Осыдан кейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізіліп, іздеу жұмыстары басталған.

Марқұмның денесі табылғанын Ақмола облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы