570

Жаттықтырушы Шавкат Рахмоновтың ауыр жарақаты туралы шындықты айтты

UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов ескі жарақатпен күресіп жүр.

Жаттықтырушы Шавкат Рахмоновтың ауыр жарақаты туралы шындықты айтты
коллаж

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновнің бас бапкері, DAR Team жетекшісі Эдуард Базров спортшының денсаулық жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның ескі жарақаты туралы мәлімет берді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, бапкердің сөзінше, файтер бұл жарақатпен 2016 жылдан бері өмір сүріп келеді.

Эдуард Базровнің айтуынша, спортшының тізесіне шамамен он жыл бұрын ота жасалған.

«Бұл — сол тізе. Оған шамамен 10 жыл бұрын операция жасалды. Әңгіме дәл сол байламдарға қатысты болып отыр», — деді жаттықтырушы.

Еске салсақ, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шыққан еді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген.

2026 жылдың басында қазақстандық спортшы UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылған болатын.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов операциядан кейінгі жағдайы мен қалпына келу процесі туралы айтып, жаттығуға қайта оралу оңай болмай жатқанын мәлімдеген еді.

Материал авторы