40 адам жабылып ұрған: Астанадағы жанжал ауыр жарақатпен аяқталды

04.05.2026, 14:15
551
40 адам жабылып ұрған: Астанадағы жанжал ауыр жарақатпен аяқталды threads.com/@zhaloby.astana

Жәбірленушіге бірнеше адам бір мезетте шабуыл жасап, ауыр дене жарақатын келтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жастар арасында болған жанжал соңы топтық соққыға ұласқан. Оқиға Конституция даңғылы маңында, «Ильяс» дүкені жанында тіркелген.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, жас жігітке ондаған адам жабылған. Оның әпкесі Альбина Есимованың сөзінше, шабуыл жасағандардың саны шамамен 40 адамға жеткен.

Соққы салдарынан жасөспірім ауыр дене жарақатын алған: мұрны сынған, тісі зақымданған. Оған медициналық көмек көрсетілген.

Туыстары бұл істі жай қалдырмайтынын айтып, құқық қорғау органдарына ресми арыз дайындап жатқанын жеткізді. Олар толыққанды тергеу жүргізіліп, кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.

Сондай-ақ отбасы оқиғаның куәгерлеріне жүгініп, төбелестің мән-жайын анықтауға көмектесетін кез келген ақпаратты беруді сұрады.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар тұлғалар анықталып, Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Белгілі болғандай, жастар арасында тұрғын үй ауласында жанжал туындаған.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған азаматқа дене жарақаттары келтірілген. Оған медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тексерісінен кейін үйіне жіберілді. Қазір полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», — делінген хабарламада.

Ведомство тергеу қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр