SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтің жұбайы Диана Сабурова Қазақстанда түсірілген жаңа видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Видеода ол Қазақстандағы кітап дүкендерінің бірінде жүргені байқалады. Жазбалар қазақ тілінде берілген кадрлар оның ел аумағында түсірілгенін көрсетеді.
Диана Сабурова Instagram желісінде белсенді блог жүргізеді, оның парақшасына шамамен 190 мыңнан астам оқырман жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға оралғаны хабарланған еді. Ол 2026 жылдың 6 ақпанында Мәскеу әуежайында ұсталып, кейін жағдай қоғамда кең талқыланған.
Сол кезеңде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, комиктің өзі немесе оның өкілдері елшілікке жүгінбегенін мәлімдеген. Кейін ол Алматыға оралған.
Сонымен қатар Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі өкілдері де жағдайға қатысты пікір білдірген. Кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның атына қатысты интернетте тараған ақпарат бойынша тексеріс жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Кей деректерде оның Ресейдегі салық берешегі өтелгені туралы ақпарат та тараған.
Соңғы мәлімет бойынша, Диана Сабурова Қазақстандағы сапарын әлеуметтік желідегі стористер арқылы көрсетуді жалғастырып жатыр.
RUS