«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте 1-сынып оқушысын бірнеше бала жабылып ұрып кеткен

Азиз Қалижан Редактор
04.05.2026, 15:28
571
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте 1-сынып оқушысын бірнеше бала жабылып ұрып кеткен Instagram/turar_media

Жәбірленуші баланың анасы ұлын бірнеше оқушы қорқытып, кейін ұрып кеткенін айтты.

Ақмола облысының Степногорск қаласында бірнеше мектеп оқушысы 1-сынып баласына күш көрсеткен оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 5-сыныптың үш оқушысы бастауыш сыныптағы баланы жабылып ұрып кеткен. Оқиға 2 мамыр күні «Махаббат аллеясы» аумағында болған.

Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, ұлы сол күні досымен бірге велосипед теуіп жүрген кезде бірнеше бала келіп тиіскен.

«Олар баламды тоқтатып, қорқыта бастаған. “Не істейміз? Телефоныңды аламыз ба, велосипедіңді аламыз ба, әлде артыңа ағаш тығамыз ба?” деп қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін велосипедпен қуып жетіп, ұрып кеткен. Салдарынан ұлым басын жиектасқа соғып алды», — дейді анасы.

Оның сөзінше, келесі күні баланың басы мен аяғы ауырып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексеру жүргізген. Қазіргі уақытта баланың аяқтарында көгерген іздер бар, тізесі ауырады.

Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті тексеру басталғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді ведомство.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр