637

Шымкентте інісінің тойына дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Жүргізуші қала көшесінің қиылысында қауіпті маневрлер жасап, қарсы жолаққа шыққан.

Шымкентте інісінің тойына дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жол үстінде қауіпті дрифт ұйымдастырған 34 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мәліметінше, ер адам қала көшелерінің қиылысында көлікпен әдейі қауіпті маневрлер жасаған. Ол қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған және өзге жүргізушілерге қауіп төндірген.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жүргізуші бұл әрекетін інісінің үйлену тойын «ерекше атап өтумен» түсіндірген.

«Құқық бұзушының айтуынша, ол осылайша інісінің қуанышты күнін атап өтпек болған. Алайда мұндай “мерекелік шоу” жол қозғалысына тікелей қауіп тудырды. Оның әрекеті апатты жағдайларға себеп болып, өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер әкелді. Жедел шаралар нәтижесінде жүргізуші ұсталып, әкімшілік қамауға алынды», — деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство жолдағы қауіпті әрекеттер мен «көлікпен шоу жасауды» қатаң бақылауға алатынын ескертті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор