Астанада аулада көлік қаққан 1 жасар сәби қаза тапты (ВИДЕО)
Полицияның мәліметінше, сәби жол бөлігіне кенеттен жүгіріп шыққан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын үй ауласында болған жол апаты салдарынан бір жарым жастан асқан сәби қаза тапты.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Иманов көшесіндегі тұрғын үй ауласында тіркелген. Полиция мәліметінше, Kia Seltos маркалы көлік 1 жас 8 айлық баланы қағып кеткен.
Алдын ала дерек бойынша, сәби жол бөлігіне жүгіріп шыққан. Алайда алған жарақаты тым ауыр болып, оны құтқару мүмкін болмаған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Материал авторы