SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемендегі өндіріс орындарының бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өрт пен ғимараттың опырылуына ұласты. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат кәсіпорынның шаң сүзу цехында болған. Алдын ала дерек бойынша, құрылғы ішінде газ бен ауа қоспасы жарылып кеткен. Жарылыстан кейін өрт шығып, нысанның бір бөлігі құлаған.
Әлеуметтік желілерде оқиға сәті түсірілген видео тарап жатыр. Кадрлардан жарылыстың қатты болғанын байқауға болады.
ТЖМ оқиға орнына жедел штаб құрылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта мамандар аумақты тексеріп, зардап шеккендер бар-жоғын анықтап жатыр.
Оқиғаның нақты себептері кейін белгілі болады.
RUS