«Қыз Жібектің» камзолына қатысты дауға Меруерт Өтекешева үн қатты

05.05.2026, 10:31
515
«Қыз Жібектің» камзолына қатысты дауға Меруерт Өтекешева үн қатты бейнежазбадан

Актриса тарихи камзолды арада ұзақ жыл өткен соң алғаш рет әлеуметтік желіден көргенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аңызға айналған «Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың продюсер Баян Алагөзованың қолынан табылуы қоғамда қызу талқы туғызған еді. Осы жағдайға байланысты басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева алғаш рет пікір айтты.

Актриса бұл туралы журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, камзолды өзі де арада ұзақ жыл өткен соң алғаш рет әлеуметтік желідегі видеодан көрген.

«Бұл жағдай мен үшін де тосын болды. Бұрын киностудиядан сұрастырғанмын. Бірақ қайта құру кезеңінде көптеген костюм жоғалып кеткен еді», – деді актриса.

Меруерт Өтекешева қоғамда сынға ұшыраған Баян Алагөзованы да қорғап шықты. Оның айтуынша, шығармашылық адам мұндай тарихи дүниені көргенде эмоцияға берілуі заңды.

«Ол ешкімді ренжіткісі келмеген шығар. Бұл – ішкі қуаныштың көрінісі. Камзол сақталады. Болашақта музейге өткізілуі де мүмкін», – деді актриса.

Өтекешева тарихи киімнің жақсы сақталғанын атап өтті. Сондай-ақ ол «Қыз Жібек» фильміндегі костюмдердің ерекше сән-салтанатпен тігілгенін айтты. Оның сөзінше, табиғи терімен көмкерілген кейбір киімдер кейін басқа киноларда да пайдаланылған.

Айта кетейік, «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы-суретшісі Гүлфайрус Ысмайылова болған.

Камзолға қатысты дау өршігеннен кейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге төлейтінін мәлімдеді. Продюсер бұл шешім актрисаның қазақ өнеріне қосқан үлесіне құрмет ретінде қабылданғанын айтты. Сонымен қатар ол «Қазақ аруы» байқауын актрисаға арнап, сыйлық ретінде тон табыстауды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады