Астаналық 21 миллион теңгені қорапқа салып, алаяқтарға өз қолымен беріп жіберген

05.05.2026, 10:53
546
Астаналық 21 миллион теңгені қорапқа салып, алаяқтарға өз қолымен беріп жіберген ЖИ

Алаяқтарға сенген астаналық бар ақшасын курьер арқылы жіберіп қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар тұрғынды 21 миллион теңгесінен айырды. Ер адам қомақты қаржыны қолма-қол шешіп алып, оны қорапқа салып, курьер арқылы қаскөйлерге табыстаған.

Polisia.kz мәліметінше, полиция аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті 43 жастағы шетел азаматын ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіге телефон арқылы хабарласып, өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырғаны анықталған. Ол белгісіз біреулер ер адамның депозиттік шотынан ақша аударуға әрекет жасап жатқанын айтқан.

Алаяқ сенімге кіріп, «қаражатты қорғау» сылтауымен алдымен бір миллион теңгені «қауіпсіз есепшотқа» аудартқан. Артынша жәбірленушіге өзін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған басқа адамдар қоңырау шалып, «арнайы операцияның» жалғасып жатқанын жеткізген.

Олар ер адамның өзге жинақтары туралы мәлімет алып, тағы бір есепшотында ірі көлемдегі ақша жатқанын анықтаған. Кейін алаяқтар оны барлық қаржысын шешіп алып, «тексеру үшін» тапсыруға көндірген.

Сөйтіп астаналық 21 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қорапқа салып, жеткізу қызметінің курьері арқылы берген. Кейін бұл қаражат бірнеше адам арқылы таратылып отырған.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ұрланған ақшаны түрлі есепшоттарға бөліп аударып жүрген шетел азаматын қолға түсірді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Полиция банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды не қолма-қол қаржы беруді талап етпейтінін ескертті.  

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады