1576

Серік Сәпиевтің қызы Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Аққу Сәпиева Қазақстан Кубогында қарсыластарын артта қалдырды.

Серік Сәпиевтің қызы Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды
instagram.com/sdc_sapiyeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің үлкен қызы Аққу спорттық-бал биінен Қазақстан Кубогының иегері атанды. Жеңіс туралы жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желіде бөлісті.

Серік Сәпиев Instagram парақшасында қуанышын жасырмай, былай деп жазды:

«Құрметті достар! Жақсы жаңалығыммен бөліскім келеді. Қызым Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алды!»

Аққу соңғы жылдары би спортында жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Оның бұл жеңісі – тұрақты еңбектің және табандылықтың нәтижесі.

Желі қолданушылары жас спортшыны жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік оның өнерін жоғары бағалап, Сәпиевтер отбасын «чемпиондар әулеті» деп атады. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор