Астанада «аудандарға бөлініп шабуыл» туралы ақпаратқа полиция жауап берді

05.05.2026, 13:33
480
Астанада «аудандарға бөлініп шабуыл» туралы ақпаратқа полиция жауап берді instagram.com/zhaloby.astana

Астанада тұрғын үй ауласындағы жанжал бойынша іс қозғалған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада әлеуметтік желілерде тараған «аудандарға бөлініп, адамдарға шабуыл жасалып жатыр» деген ақпаратты қалалық полиция жоққа шығарды.

Instagram желісіндегі Zhaloby.astana парақшасында жазба жарияланып, қалада кейбір топтар адамдарды тұрғылықты ауданына қарай бөліп, соққыға жығып жүргені туралы шағымдар айтылған. Жазбада куәгерлердің сөзінше, «ескі вокзал» мен «Арман» дүкені маңында жастар тобы өтіп бара жатқан адамдардан қай ауданнан екенін сұрап, белгілі бір аумақты атағандарға шабуыл жасағаны көрсетілген. Сондай-ақ кейбір жастар «Лесозавод» және «Чугунка» аудандарынан болуы мүмкін екені де айтылған.

Аталған ақпаратқа қатысты Астана қалалық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, тұрғын үй ауласында жастар арасындағы жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған «қалада жаппай аудандық қақтығыстар болып жатыр» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, елордадағы жағдай тұрақты және толық бақылауда.

Қалалық полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады