SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон Ереванда өткен ресми кешкі ас кезінде әйгілі француз шансоньесі Шарль Азнавур орындаған «La Bohème» әнін айтып, көпшіліктің назарын аударды.
Ән орындау барысында Никол Пашинян Макронға барабанда сүйемел жасады. Кеш Армения президентінің резиденциясында өтті. Іс-шараға Армения президенті Ваагн Хачатурян да қатысқан.
Макрон Арменияға Еуропалық саяси қауымдастықтың VIII саммитіне қатысу үшін барған.
Айта кетейік, Пашинян әлеуметтік желілерде музыкалық сүйемелдеумен түсірілген видеоларды жиі жариялап тұрады. Бұл жолы да саясат сахнасы күтпеген музыкалық форматқа ауысып, дипломатиялық кеш бейресми атмосферамен ерекшеленді.
RUS