Алматыда қанша ардагер 5 миллион теңгеден алды?

05.05.2026, 17:32
583
Алматыда қанша ардагер 5 миллион теңгеден алды? Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге 50 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін біржолғы төлем аударылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға 50 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік төлем берілді.

Әкімдік мәліметінше, биыл 9 мамыр қарсаңында 15 соғыс ардагерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден (10 мың доллар) төленген.

Сонымен қатар басқа санаттағы азаматтарға да материалдық көмек көрсетілген. Атап айтқанда, 1969 жылы Даман аралындағы және Жалаңашкөл маңындағы әскери қақтығыстарға қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден берілді.

Бұдан бөлек:
— ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1 353 адамға;
— басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимыл ардагерлері саналатын 2 955 азаматқа;
— соғыс жылдарындағы еңбегі үшін орден-медаль алған 4 713 тыл еңбеккеріне 100 мың теңгеден төленді.

Сондай-ақ қайтыс болған соғыс ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілген.

Қала әкімдігі төлемдер Алматы мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Қаржы азаматтардың өтінішінсіз, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған тізім негізінде аударылған.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласында да Жеңіс күніне орай 3 398 адамға 64 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін біржолғы төлем берілгені хабарланған еді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр