SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 6 мамырға арналған дауылды ескерту жариялап, елдің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, дауыл, тұман мен жоғары өрт қаупі болатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Қостанай облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Атырау облысында түнгі уақытта қатты жаңбыр мен дауыл күтілсе, Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл болжанып отыр. Ал Маңғыстау облысында жаңбырмен қатар тұман түседі.
Астана қаласында 6 мамыр түні және таңертең жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Қарағанды, Ұлытау, Абай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанса, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Төтенше қызмет мамандары тұрғындарды сақ болуға, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
RUS