SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) станцияларының бірінде өрт шықты. Оқиға дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.
Қалалық әкімдік мәліметінше, оқыс жағдай Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, дәнекерлеу барысында пластикалық құбырлар мен минералды мақта тұтанып кеткен.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құраған. Жалын Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жеткенге дейін сөндірілген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы LRT жобасының сынақтық пайдалану кезеңі толық аяқталғаны хабарланған еді.
RUS