Екібастұз маңында із-түзсіз кеткен ер адамның мәйіті су түбінен табылды

06.05.2026, 10:31
431
Екібастұз маңында із-түзсіз кеткен ер адамның мәйіті су түбінен табылды Павлодар ТЖД

Ер адам досымен бірге балық аулауға барып, кейін байланысқа шықпай қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі су арнасынан табылды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылы маңындағы академик Сәтбаев атындағы канал аумағында 1963 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен.

Алдын ала дерек бойынша, ол 2 мамыр күні досымен бірге балық аулауға барған. Осыдан кейін байланысқа шықпаған.

Оқиға орнына Екібастұзда орналасқан жедел-құтқару жасағы жіберілді. Құтқарушылар арнайы техника мен моторлы қайықтың көмегімен су айдынын тексеріп, жағалау бойында іздеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар кинологиялық топ та жұмылдырылған.

Іздеу барысында резеңке қайық дрон арқылы әуеден бақылау кезінде анықталған. Кейін сүңгуірлер қайық маңындағы шамамен бес метр тереңдіктен ер адамның денесін тапқан.

ТЖД мәліметінше, марқұм құтқару кеудешесін кимеген. Оның денесі Екібастұз полициясына тапсырылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады