SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас тыңдармандарына жаңа ән мен бейнебаян ұсынды. Бұл жолы ол бұрынғы КешYOU тобының солисі Мөлдір Әуелбековамен дуэт орындады.
Өнер иелерінің бірлескен туындысы «Кім ойлаған?» деп аталады. Әннің атауының өзі тыңдарман назарын аударса, орындаушылардың шығармашылық тандемі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Қайрат Нұртас жаңа туынды туралы пікір білдіріп, әр адамның бақытқа лайық екенін атап өтті.
— Әркімнің тағдыры әртүрлі, бірақ бәрінің бақытты болуға құқығы бар. Бұл әнді Мөлдір ерекше орындайтынын білдім. Оның қоңыр даусын естігім келді, сондықтан бірге айтуға өзім ұсыныс жасадым. Ерекше дуэт шыққан сияқты, — деді әнші.
Желі қолданушылары дуэтке жылы пікір қалдырған. Көпшілік Мөлдір Әуелбекованың дауысын жоғары бағалап, әннің әсерлі шыққанын жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас Светлана Лободамен де ортақ трек жазған еді.
RUS