Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш жас жігіт көз жұмды

06.05.2026, 12:52
476
Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш жас жігіт көз жұмды pixabay.com

Оқиғаның нақты себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы Первомай кентінде өткен түні ауыр жол апаты болып, үш жас жігіт қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы YK-news.kz хабарлады.

Жергілікті әкімдік бұл жағдайды ауыр трагедия деп атап, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

«Біздің кентте орны толмас қайғылы жағдай болды — үш жас жігіт көз жұмды. Ата-анасына, туған-туыстарына және осы қайғыны бөліскен барша жандарға шын жүректен көңіл айтамыз. Мұндай ауыр қазаны көтеруге сабыр мен күш тілейміз», – делінген Первомай кенті әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге әкімдік ата-аналарға арнайы үндеу жасап, көлік пен мотоцикл тізгіндейтін жастардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.

«Балаларыңызбен жолдағы қауіпсіздік, жылдамдық режимін сақтау және мұқият болу туралы міндетті түрде сөйлесіңіздер», – деп ескертті жергілікті билік.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттер жеңіл автокөлікпен жол апатына ұшыраған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады