Қарағандыда кафеде танысқан ер адамдар әйелдің шотынан 1,9 млн теңге аударып жіберген

Аиса Махамбет Редактор
06.05.2026, 15:28
1123
Қарағандыда кафеде танысқан ер адамдар әйелдің шотынан 1,9 млн теңге аударып жіберген pexels.com

Есеп жаба алмаған ер адамдар әйелдің банк шотын босатып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды тұрғыны құрбысымен бірге кафеге барғаннан кейін 2 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды. Оқиға жаңа танысқан екі ер адаммен байланысты болып шыққан.

Polisia.kz мәліметінше, кафеде екі ер адам екі қызбен танысқан. Кеш соңында есеп айырысу кезінде ер адамдардың барлық шығынды төлеуге қаражаты жетпейтіні анықталған.

Сол сәтте әйелдердің бірі көмектесуге келіскен. Алайда қыздар кетуге дайындалып жатқанда, 37 жастағы ер адам жағдайды пайдаланып кеткен.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 35 жастағы қарағандылық әйелдің банк шотынан 1 млн 900 мың теңгені өзінің 40 жастағы танысының есепшотына аударып жіберген.

Осыдан кейін ер адамдар мекемеден шығып кеткен. Олар әрекеттері байқалмай қалады деп ойлаған.

Жәбірленуші шотынан қомақты қаражат жоғалғанын келесі күні таңертең ғана байқап, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арызданған.

Полицейлер күдіктілерді жедел түрде анықтап, екеуін де ұстады. Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындаған.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді