Рыбакина: «Көпшілік бойкот десе, мен қарсы болмаймын»

06.05.2026, 17:29
871
Рыбакина: «Көпшілік бойкот десе, мен қарсы болмаймын» Instagram/LenaRybakina

Теннисшілер «Үлкен дулыға» турнирлерінің қаржы саясатын сынға алған болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлеріне бойкот жариялау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Әлемнің екінші ракеткасы ойыншылар жүлде қорының бөлінуіне наразы болса, ортақ шешімді қолдауға дайын екенін айтты.

Теннисші спортшылардың турнир табыстарынан алатын үлесі төңірегіндегі дауға тоқталып, ойыншылардың бірігуі қиын мәселе екенін жеткізді.

«Бұл — күрделі сұрақ. Бұған дейін де ойыншылар бірігіп, бойкот жариялауы мүмкін деген жағдайлар болған, бірақ ол ешқашан жүзеге аспады. Егер көпшілік “ойнамаймыз” деп шешсе, мен қолдаймын. Бұл мен үшін проблема емес», — деді Рыбакина.

Сонымен бірге ол мәселе тек сыйақы көлемінде емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшылар тапқан табыстың қомақты бөлігі салыққа кетеді.

«Көп адам үлкен салықтарды ескермейді. Көбірек табыс табуға болады, бірақ оның едәуір бөлігі салық ретінде ұсталады. Бұл — бөлек тақырып», — деді теннисші.

Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко де «Үлкен дулыға» жарыстарындағы табыс бөлінісін сынап, ұйымдастырушылар ойыншылар талабына құлақ аспаса, бойкот болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Талқылауға French Open турнирінің 2026 жылғы жүлде қорының ұлғаюы себеп болды. Алайда БАҚ мәліметінше, теннисшілерге бөлінетін үлес олардың күткенінен төмен болған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады