Алматыдағы университетте 1-курс студенті емтихан күні көз жұмды

06.05.2026, 18:44
741
Алматыдағы университетте 1-курс студенті емтихан күні көз жұмды @qumash_kz

Полиция студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде бірінші курс студенті қаза тапты. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, марқұм Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенті болған.

Университет таратқан ақпаратқа сәйкес, жас жігіт «Философия» мамандығында грант негізінде білім алған.

Қайғылы оқиға 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Оқу орнының мәліметінше, студент сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Сол күні оның емтиханы болғаны белгілі. Алайда студент сынаққа келмеген.

Оқиғадан кейін мессенджерлерде «студент сессияны тапсыра алмағандықтан өзіне қол салды» деген сипаттағы түрлі қауесеттер тарай бастады. Сондай-ақ екі студент қаза болды деген ақпарат та шыққан. Бірақ бұл мәліметтер расталмады.

Университеттің баспасөз қызметі студенттің оқу жылы бойы психологиялық көмекке жүгінбегенін және мамандар есебінде тұрмағанын мәлімдеді.

«Оның психологиялық жағдайына қатысты ешқандай шағым не белгі түскен жоқ. Оқытушылардың айтуынша, студент жақсы оқыған және тәртіптік ескерту алмаған», — деп хабарлады оқу орны.

Университет басшылығы марқұмның отбасымен кездесіп, көңіл айтқанын және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ал полиция студент өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Қоғамда резонанс тудырған тағы бір жайт — қайғылы жағдайдан кейін студенттерге жіберілген хабарлама. Әлеуметтік желі қолданушылары таратқан мәтінде студенттерден қауесет таратпау, фото мен материалдарды жарияламау және сабаққа көңіл бөлу сұралған.

Алайда хабарламаның басында «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген тіркес қолданылғаны көпшіліктің наразылығын туғызды. Кей студенттер мен желі қолданушылары мұндай үндеу қайғылы жағдайдан кейін орынсыз көрінетінін айтты.

Қазіргі уақытта университет бұл хабарламаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады