Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл: бірнеше өңірге қауіп төнді

07.05.2026, 09:03
474
Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл: бірнеше өңірге қауіп төнді Getty Images

7 мамырға арналған ауа райы ескертуі жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 7 мамырға арналған кезекті дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, кей аймақтарда бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты нөсер мен бұршақ болжанған. Облыстың батысы мен оңтүстігінде дауыл тұрып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Атырау қаласында да найзағайлы жаңбыр күтіледі.

Ақтөбе облысында күн райы күрт құбылмақ. Түнде өңірдің бірнеше ауданында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік және шығыс бөліктерде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел күшейіп, кей аудандарда екпіні 20 м/с-қа дейін барады. Өңірдің бірнеше бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде тұр.

Ұлытау облысында найзағайлы жаңбыр болжанса, Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған мен Қарағанды қалаларына да ескерту жасалды.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Орал қаласында да найзағай мен бұршақ күтіледі.

Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Өңірде жоғары өрт қаупі әлі де өзекті.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді. Өскеменде де өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел болжанған. Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жаңбыр мен найзағай болады. Ақтауда да ауа райы қолайсызданады.

Алматы, Абай және Жамбыл облыстарында негізінен жоғары өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланды. Ал Астана қаласында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады