638

Балабақша бастығы мен бухгалтері 42 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ШҚО-дағы балабақшада ірі қаржы жымқыру дерегі тергеліп жатыр.

Балабақша бастығы мен бухгалтері 42 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Bia Limova / Pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында балабақша басшысы мен бухгалтері 42 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Заңбұзушылық прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықталған.

Ведомство мәліметінше, заңсыз әрекеттер ауылдағы бөбекжайлардың бірінде бірнеше жыл бойы жалғасқан. Тергеу деректеріне сәйкес, бухгалтер үш жыл бойы өзінің және балабақша меңгерушісінің есепшоттарына негізсіз жоғары жалақы аударып отырған.

Бұдан бөлек, салық пен міндетті аударымдарға арналған қаражат та мақсатсыз жұмсалған. Соның салдарынан 18 қызметкердің жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдері уақытылы төленбей қалған.

Прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің есепшоттарына заңсыз түрде 42 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр.

Материал авторы