Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
08.05.2026, 14:33
938
Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды threads.com/@yelena.sokolova.coach

Есірткі ұсынып, алып кетуге тырысты дейді қыздың анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 15 жастағы жасөспірім қызға ер адамның орынсыз әрекет көрсеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға байланысты күдіктінің кім екені анықталған.

Threads желісінде қала тұрғынының айтуынша, Сайран көлінің маңында оның қызы бейтаныс ер адамның қысымына тап болған.

«Қызымды өзімен бірге кетуге үгіттеген, есірткі ұсынған, орынсыз комплимент айтқан. Ол айламен қашып құтылды, бірақ мұндай жағдай кез келген баланың басына түсуі мүмкін. Оқиға Сайранда болды: қызы орындықта отырған кезде әлгі ер адам айналасында жүріп, кейін қасына отырған», – деп жазды әйел.

Жазба авторы бастапқыда полицияға жүгінудің қажеті жоқ деп ойлағанын, бірақ қоғам назар аударса деген үміті болғанын да айтқан.

Алайда Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Оны ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Оның әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай фактілерге бейжай қарамауға және кез келген заңсыз әрекет туралы бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырды.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады