SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Теміртауда Республика даңғылының бойында жалаңаш күйде жүрген әйел жұрттың жағасын ұстатты. Оқиға 8 мамыр күні күндіз тіркеліп, полицияның шұғыл араласуына себеп болды.
Куәгерлердің айтуынша, шамамен 27 жастағы жергілікті тұрғын қаладағы орталық көшелердің бірінде еш киімсіз жүрген. Оның әрекеті әлеуметтік желілерде әп-сәтте тарап, тұрғындар арасында қызу талқыға түсті.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, әйелді бөлімшеге алып кеткен. Кейін медициналық сараптама оның психотроптық заттардың әсерінде болғанын көрсетті.
Тұрғындардың сөзінше, әйел тек қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол қозғалысы ережелерін де елемеген.
«Көлікпен кетіп бара жаттым. Қасымда 12 жастағы ұлым болды. Көргенде не айтарын білмей қалды. Кейін полиция алып кетті», – деп жазды куәгерлер жергілікті пабликтерде.
Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиға фактісін растады. Қазіргі таңда әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалып, жиналған материалдар сотқа жолданған.
RUS