SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Шекарадан өтуді күткен адамдардың жиналуына көрші ел аумағындағы техникалық ақау себеп болған.
ҰҚК мәліметінше, мәселе Өзбекстандағы «Навои» өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркіліске байланысты туындаған. Соның салдарынан шекарадан өту процесі баяулап, жолаушылар саны күрт көбейген.
Ал қазақстандық тараптағы өткізу бекеті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ведомство шекарада ешқандай шектеу енгізілмегенін нақтылады.
Қазір екі елдің шекара қызметтері бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Өзбекстан тарапы жүйедегі ақауды жою және тіркеу қызметін қалпына келтіру шараларын қолға алған.
Осыған байланысты азаматтарға «Қапланбек» бекеті арқылы сапар жоспарлаған кезде жағдайды алдын ала ескеруге кеңес берілді.
RUS