Астанада Жеңіс күніне орай «Момышұлы Бауыржан» концерт-спектаклі өтті

09.05.2026, 18:15
667
Астанада Жеңіс күніне орай «Момышұлы Бауыржан» концерт-спектаклі өтті

Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі арқау болған «Момышұлы Бауыржан» концерт-спектаклі көрермен назарына ұсынылды. Қойылымда соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар театр өнері, музыка және архивтік хроика арқылы сахналанып, майдангерлердің ерлігі мен Жеңістің маңызы кеңінен дәріптелді.

 

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратында Жеңіс күніне орай Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Момышұлы Бауыржан» концерт-спектаклі өтті. Мәдени кеш қазақ халқының даңқты перзенті, әскери қолбасшы, жазушы әрі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерліктің символына айналған Бауыржан Момышұлына арналды.

Қойылымға ардагерлер, әскери қызметкерлер, студенттер, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Спектакльдің негізіне тарихи деректер, архивтік бейнематериалдар мен соғыс жылдарындағы баспасөз жарияланымдары арқау болды. Театрландырылған көріністер арқылы көрерменге Бауыржан Момышұлының майдан жолы, мінезі, сарбаздарға деген көзқарасы және Отанға адалдығы көрсетілді.

Концерт-спектакль жанды музыка, хореография және заманауи мультимедиялық шешімдермен толықтырылды. Сахнада соғыс жылдарындағы әндер, елге, туған жерге және майдандас достыққа арналған композициялар орындалды. Қойылым авторлары майданға аттанған мыңдаған қазақстандық сарбаздардың тағдырына да ерекше назар аударды.

Басты рөлдерді Қуандық Қыстықбаев, Бақыт Қажыбек, Асылхан Төлепов және Данияр Оразаев сомдады. Сонымен қатар, кеште Айгүл Қосанова, Жанғали Жүзбай, Бауыржан Исаев, Клара Төленбаева, Медет Салықов, Алтынай Жорабаева, Гүлсім Мырзабекова, Дәурен Төлеубаев, Хамит Отарбаев, Нұрсат Алмас, Өзгеріс Шерікбай, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының «Жас сарбаз» балалар өнер студиясының хоры және Art4man тобы өнер көрсетті.

Мәдени шара көрерменнің ұзақ қол шапалағымен аяқталып, 9 мамырға арналған елордадағы маңызды мәдени бағдарламалардың біріне айналды.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді