848

Ақтөбе маңында құмға батқан швейцариялық турист құтқарылды

Моңғолияға бет алған шетелдік әйелдің көлігі Ілек жағасында тұрып қалды.

Ақтөбе маңында құмға батқан швейцариялық турист құтқарылды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Швейцария азаматы Моңғолияға автосаяхатпен бара жатып, Ақтөбе маңындағы құмға батып қалды. Оқиға Ілек өзені аумағында болған.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар рейдтік іс-шара кезінде құмға батып қалған жеңіл көлікті байқап қалған. Көлік ішінде Швейцария Республикасының азаматы болған. Әйел жеке автокөлігімен Моңғолия бағытына жол тартқан.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері көлікті құмнан шығарып, қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Шетелдік туристке медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар жолға шығар алдында бағыт пен жер бедерін мұқият тексеруге, әсіресе құмды және батпақты аумақтарда сақ болуға шақырды.

Материал авторы