807

Ұлытауда өртке оранған үйден ер адам құтқарылды

Өрт сөндірушілер түтінге уланып қалған тұрғынды жалын арасынан алып шықты.

Ұлытауда өртке оранған үйден ер адам құтқарылды
Pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысының Қаражал қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар жалын ішінен ер адамды алып шықты. Оқиға Шайхин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 1971 жылы туған тұрғынды дер кезінде эвакуациялаған. Ер адам түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар тек адам өмірін ғана емес, ықтимал ірі апаттың да алдын алды. Өрт ошағынан көлемі 27 литрлік алты газ баллоны сыртқа шығарылған. Мамандардың айтуынша, бұл жарылыс қаупін болдырмауға мүмкіндік берген.

Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор