«Бәйтерек» түбіндегі даулы фото: Астаналық студент қамалды

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2026, 13:50
1219
«Бәйтерек» түбіндегі даулы фото: Астаналық студент қамалды ПД

Әдепсіз фото жариялаған студентке сот үкімі шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада «Бәйтерек» монументінің маңында әдепсіз сипаттағы фото түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған студент бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Елорда сотының мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. 20 жастағы студент қаладағы басты нысандардың бірі саналатын «Бәйтерек» жанында қоғамға жат қылық көрсетіп, суретті интернетке жүктеген.

Іс материалдарында оның әрекеті «Бәйтерек» монументін пайдалана отырып, әдепсіз визуалды ишара жасау» ретінде сипатталған. Сот мұны қоғамға ашық құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіп нормаларын бұзу деп бағалады.

Сот отырысында студент кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Құқық бұзушылық фотоматериалдар мен басқа да дәлелдер арқылы расталған.

Сот әкімшілік жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипатын, оның қоғамға теріс әсерін, сондай-ақ студенттің жасын және әлеуметтік мәртебесін ескерген.

Сот қаулысымен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады