Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: үсік, бұршақ және сел қаупі жарияланды

11.05.2026, 09:03
539
Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: үсік, бұршақ және сел қаупі жарияланды pexels.com / Anton Kudryashov

Бірқатар облыста желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 мамырда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт құбылып, синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде үсік күтілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және сел қаупі сақталып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмендеп, 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Астанада да топырақ бетінде 2 градус үсік болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында 11-13 мамыр аралығында нөсер жаңбыр салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал. Мамандар жылғалар мен тау өзендерінен су келіп, жайылу қаупі бар екенін ескертті.

Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, сел жүру қаупі күшейген. Кей жерлерде найзағай, бұршақ және секундына 23-28 метрге дейін жететін қатты жел болжанып отыр. Алматы қаласы мен Іле Алатауы маңында да су басу қаупі бар.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтілсе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында желдің күшеюі болжанған.

Синоптиктер бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын да мәлімдеді. Әсіресе Абай, Жетісу, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарында дала өрті қаупі күшейіп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, алыс жолға шыққанда ескертулерді ескеруге және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады