SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 мамырдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бағамы жаңарды. Бұл туралы Kurs.kz мәлімдеді.
Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 460 теңгеден сатып алынып, 466,95 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы — 537,91 теңге, сату бағасы — 547,91 теңге. Ал ресейлік рубль 5,99–6,29 теңге аралығында саудалануда.
Алматыдағы айырбас пункттерінде доллар 463,56 теңгеден сатып алынып, 465,82 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 542,70–547,93 теңге аралығында қалыптасты. Рубльдің құны 6,01–6,14 теңге шамасында.
Шымкент қаласында доллардың сатып алу бағасы 464 теңге болса, сату бағасы 466,04 теңгеге жеткен. Еуро 543–547,57 теңге аралығында бағаланса, рубль 6,06–6,13 теңгеден айырбасталып жатыр.
Ұлттық банктің 11 мамырға бекіткен ресми бағамына сәйкес, бір доллар — 461,26 теңге, еуро — 542,58 теңге, ал рубль — 6,18 теңге болды.
RUS