SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінде қайықпен жүрген ер адамды қатты жел жағадан алысқа алып кетіп, ол өздігінен кері қайта алмай қалған. Оқиға кезінде құтқарушылар дер кезінде жетіп, азаматты аман-есен жағаға шығарды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жағалау аумағын патрульдеу барысында құтқарушылар теңізден шамамен 400 метр қашықтықта қайықта отырған адамды байқап қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен мамандар ер адамды жағаға жеткізген. Кейін анықталғандай, қайық моторсыз болған. Күшейген жел салдарынан жүзу құралы ашық суға қарай ығысып кеткен.
Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.
Осы жағдайдан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Ведомство азаматтарға суға шығар алдында ауа райы болжамын тексеруді, құтқару кеудешесін киюді және қатты жел кезінде теңізге шықпауды ескертті.
RUS