Қазақ оқушылары АҚШ-тағы дрон-футбол чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді

11.05.2026, 12:09
849
Қазақ оқушылары АҚШ-тағы дрон-футбол чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді gov.kz

Отандастарымыз дрон додасында алтынды қанжығалады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та өткен халықаралық дрон-футбол чемпионатында қазақстандық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп, екі санат бойынша алтын жүлдені иеленді. Байрақты бәсекеге 17 елден 100-ден астам команда қатысқан.

Халықаралық FIDA USA Drone Soccer Championship турнирі 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында California штатындағы Palm Springs қаласында өтті. Қазақстан атынан жарысқа бес команда барған: төртеуі Астанадан, біреуі Ақтөбеден.

Жеке Super Pilot санатында Астанадағы №8 мектептің 9-сынып оқушысы Амантай Арсен чемпион атанды. Оны жарысқа жаттықтырушы Жәнібек Ражабов дайындаған. Арсен турнирдің ең күрделі бағыттарының бірінде қарсыластарынан озып шыққан.

Ал екінші орынды елордалық №82 мектептің 8-сынып оқушысы Хайралла Айсұлтан иеленді. Оның бапкері — Дінмұхамед Орынбасар.

Командалық Drone Soccer Class 20 санатында қазақстандық командалар барлық жүлделі орынды өзара бөлісті. Бірінші орынды Ақтөбедегі Kemel Bilim командасы жеңіп алды. Команданы Амангос Еламан Бауыржанұлы жаттықтырған. Екінші орын Астанадағы №8 мектепке, үшінші орын №82 мектепке бұйырды.

Командалар халықаралық додаға бір жылдан астам уақыт дайындалған. АҚШ-тағы турнирге қатысу үшін олар Астанада өткен ұлттық іріктеуден өтіп, кейін халықаралық FIDA федерациясы алдында өз өтінімдерін қорғаған.

Kazakhstan Drone Soccer Association директоры Әлихан Рыспай бұл жетістікті қазақстандық дрон-футбол тарихындағы ең ірі халықаралық жеңістердің бірі деп бағалады.

Чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамалары екі санатта өнер көрсетті. Class 20 категориясында, яғни көлемі 20 сантиметрге дейінгі дрондар арасында қазақстандықтар толықтай жеңіс тұғырын иеленсе, көлемі екі есе үлкен құрылғылар сынға түсетін Class 40 санатында жарыстың үздік нәтижесін көрсеткен.

Дрон-футбол — арнайы қорғаныш шарымен қапталған дрондарды басқарып, қарсыластың сақинасына өткізу арқылы гол соғатын технологиялық командалық спорт түрі.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады