Ер адам 11-сынып оқушысын мектеп бітіру көйлегі үшін өлтіріп тастады

Азиз Қалижан Редактор
11.05.2026, 15:28
1093
Ер адам 11-сынып оқушысын мектеп бітіру көйлегі үшін өлтіріп тастады Sputnik/Зафар Халилов

28 жастағы жігіт сүйіктісін көйлек үшін пышақтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Наманган облысы аумағында 11-сынып оқушысының қазасымен аяқталған ауыр қылмыс қоғамды дүр сілкіндірді. Қайғылы оқиға Касансай ауданында тіркелген.

Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 18 жастағы мектеп оқушысы мен оның 28 жастағы жігіті арасында мектеп бітіру кешіне арналған көйлекке байланысты жанжал шыққан. Талас 6 мамыр күні таңертең басталған.

Даудың соңы ауыр қылмысқа ұласқан: ер адам қызға бірнеше рет пышақ сұғып, ол кеуде және іш тұсынан ауыр жарақат алған. Қылмыстан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күдікті көп ұзамай ұсталып, оған «қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырып, елде әйелдер мен жас қыздарға қатысты зорлық мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады