Атырауда 5 студент Гейдар Әлиев атындағы стипендияға ие болды

05.05.2023, 09:27
533
Атырауда 5 студент Гейдар Әлиев атындағы стипендияға ие болды inform.kz

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 5 студенті Гейдар Әлиев атындағы халықаралық стипендияға ие болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Университет ректоры Саламат Идрисовтың айтуынша, 2012 жылдан бері оқу орнында әзербайжан халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу орталығы жұмыс істейді.

«Бұл орталықты ашудағы мақсат – бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық пен рухани байланысты нығайту. Сол жылдан бері университеттің үздік студенттеріне Әзербайжан Республикасының бірінші президенті Гейдар Әлиев атындағы халықаралық стипендия беріліп келеді», -дейді Саламат Идрисов.

Биылғы халықаралық стипендияға оқуда және қоғамдық жұмыста үздік деп танылған 5 студент ие болды.

Олар – физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Жансезім Қуандықова, көптілді білім беру факультетінің студенті Ерлан Баймұханов, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенті Геогорий Шапошников, жаратылыстану және ауылшаруашылық факультетінің студенті Әсел Аюпова және инновациялық білім беру факультетінің студенті Санжар Темірболатов.

photo

Атыраулық студенттерге стипендияны тапсыру іс-шарасына Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулдығының басшысы Эльчин Мамедов пен мәдениет және білім жөніндегі кеңесші Илкин Оруджов қатысты.

«Биыл Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін нығайтып, экономикасын өркендетуге, бауырлас және өзге мемлекеттермен әріптестік байланысын өрістетуге үлес қосқан Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толады. Осыған орай Атырау университетінің студенттері арасында шығармашылық конкурс өтіп, үздік студенттерге халықаралық стипендия беріліп отыр. Бұл – бауырлас елдер арасындағы берік байланыстың дәлелі», -дейді Эльчин Мамедов.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты