«Отбасы банк» басшысы: Мемлекет алдымен баспанасы жоқтарға көмектесуі керек

12.05.2026, 11:38
1032
«Отбасы банк» басшысы: Мемлекет алдымен баспанасы жоқтарға көмектесуі керек thecorgi / Canva

Үшінші немесе төртінші пәтер сатып алатындарға қосымша салық енгізу ұсынылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы тұрғын үй бағасының тоқтаусыз өсуіне инвестициялық пәтерлер нарығының шамадан тыс қызуы себеп болып отыр. Бұл туралы Ләззат Ибрагимова BIZDIÑ ORTA подкастында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде пәтерді өмір сүруге арналған баспана емес, тез табыс табатын құрал ретінде қарайтындар көбейген. Көпшілік қысқа уақыт ішінде үйді қымбатқа сатып, жоғары пайда көргісі келеді.

– Қазақстандағы инвесторлар қаржыны ұзақ мерзімге салуға үйренбеген. Адамдар жыл басында 20 млн теңгеге пәтер алып, жыл соңында оны 30 млн теңгеге сатып жіберуді көздейді. Яғни 50 пайыздан астам табыс күтеді. Бұл тұрғын үй бағасының шарықтауына тікелей әсер етіп отыр, – деді Ләззат Ибрагимова.

Ол үшінші, төртінші немесе одан да көп баспана сатып алатын азаматтарға балама инвестициялық құралдарды қарастыруға кеңес берді. Оның пікірінше, кей адамдар шынайы қажеттілік болмаса да пәтер сатып алып, нарықтағы жасанды сұранысты күшейтіп отыр.

«Отбасы банк» басшысы тұрғын үй нарығын реттеу үшін қатаң шаралар қажет екенін айтты. Соның ішінде бесінші, алтыншы және одан кейінгі пәтерлерге салықтық жүктемені арттыру мәселесін қарастыру ұсынылды.

– Қазір нарықтағы басты мәселе — теңсіздік. Біреулер алғашқы баспанасына жете алмай жүрсе, енді біреулер алтыншы пәтерін сатып алып жатыр, – деді ол.

Ләззат Ибрагимова мемлекет барлық азаматты бірдей үймен қамтамасыз етуге міндетті емес екенін, алайда алғашқы баспанасын алғысы келетін адамдарға қолдау көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қазір «Отбасы банк» бағдарламалары негізінен төрт санатқа бағытталған. Олар — көпбалалы отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар және жетім балалар.

Банк басшысы мемлекет тарапынан көрсетілетін маңызды көмектің бірі — жалдау ақысын субсидиялау екенін айтты. Егер отбасының табысы төмен болса, мемлекет пәтерақының 50 пайызына дейін өтеп береді. Қазір мұндай қолдауды шамамен 11 мың отбасы алып отыр.

– Мемлекет ешкімге пентхаус алып беруге міндетті емес. Бірақ әр отбасының ең болмаса өзіне тиесілі алғашқы 50 шаршы метр баспанасы болуы керек. Негізгі қолдау дәл осы бағытқа берілуі тиіс, – деп түйіндеді Ләззат Ибрагимова.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды