Тұрғын үй қоры ұлғайды: бір адамға шаққандағы көрсеткіш 25,2 шаршы метрге жетті

12.05.2026, 12:46
423
Тұрғын үй қоры ұлғайды: бір адамға шаққандағы көрсеткіш 25,2 шаршы метрге жетті FatCamera / Getty Images Signature / Canva

Соңғы үш жылда Қазақстандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші айтарлықтай өскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі соңғы жылдары айтарлықтай өскен. Қазір елде бір адамға шаққанда орта есеппен 25,2 шаршы метр баспана тиесілі. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 23,8 шаршы метр болған. Өсім тұрғын үй құрылысының қарқын алуымен және елдегі демографиялық өсіммен байланысты.

– Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде тұрғын үй қоры тұрақты түрде көбейіп жатыр, – деді Ләззат Ибрагимова.

Ол халықаралық тәжірибеде тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі елдегі барлық тұрғын үй алаңын халық санына бөлу арқылы есептелетінін түсіндірді.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанда туу көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, 2021–2022 жылдары елде жылына 450 мыңға дейін бала дүниеге келген.

Дегенмен қарапайым халық үшін басты мәселе статистика емес, баспананың нақты қолжетімділігі болып қала береді. Азаматтарды көбіне жалақы көлемі мен тұрғын үй бағасының арақатынасы алаңдатады.

Ләззат Ибрагимова соңғы екі жылда халық табысы өскенін, алайда тұрғын үй нарығында әртүрлі үрдіс байқалып отырғанын айтты.

– Қайталама нарықтағы пәтер бағасы кей жағдайда төмендеп жатыр. Ал бастапқы нарықтағы жаңа тұрғын үйлердің құны әлі де өсуде, – деді ол.

Сарапшы 2025 жылдың соңында тұрғын үй нарығында ерекше белсенділік болғанын да еске салды. Бұған тұрғын үйге қосымша құн салығы енгізіледі деген ақпарат әсер еткен.

Алайда оның айтуынша, ҚҚС барлық нысанға бірдей бірден енгізілмейді.

– 2025 жылдың соңына дейін рұқсат алған тұрғын үй кешендері қазір салынып жатыр және дәл соларға кейін ҚҚС қолданылуы мүмкін. Ал қазір сатылып жатқан көптеген пәтерге бұл салық жүрмейді, – деп түсіндірді банк басшысы.

Сондай-ақ ол тұрғын үй жинақтарына қатысты жаңа рекорд орнағанын айтты. Егер 2021–2024 жылдары банктерге жыл сайын шамамен 1 трлн теңге көлемінде қаражат тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,5 трлн теңгеге жеткен.

Ләззат Ибрагимованың пікірінше, қазақстандықтардың 2 пайыздық депозиттер ашып, болашақ ипотека үшін алдын ала қаржы жинауы халықтың тұрғын үйге қол жеткізуге деген мүмкіндігі артып келе жатқанын көрсетеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады