Үш жыл ақша жинағандарға скоринг қажет болмайды – Ләззат Ибрагимова

12.05.2026, 13:50
464
Үш жыл ақша жинағандарға скоринг қажет болмайды – Ләззат Ибрагимова SMARTNEWS.KZ коллажы

Бағдарламаға негізінен алғашқы баспанасын алғысы келетін 35 жасқа дейінгі жастар қатысып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ипотека алу кезінде азаматтың төлем қабілеті арнайы скоринг жүйесі арқылы бағаланады. Алайда белгілі бір талаптарды орындаған жағдайда кей клиенттер бұл тексеруден өтпей-ақ несие рәсімдей алады. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның сөзінше, скоринг жүйесі адамның қаржылық тәртібін толық сараптайды. Бұған несиені уақытында төлеу, қарыз көлемі және бұрынғы төлем кешіктірулері әсер етеді.

– Тіпті тұрмыстық техниканы бөліп төлеу кезінде болған аз ғана кешіктірудің өзі скоринг ұпайын төмендетуі мүмкін. Ал соңғы айлардағы берешек рейтингке қатты әсер етеді, – деді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар ол ипотека рәсімдеуді жеңілдететін арнайы тетік бар екенін түсіндірді. Егер азамат тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысып, үш жылдан астам уақыт тұрақты ақша жинаса және қажетті бағалау көрсеткішіне жетсе, онда классикалық скорингтен өтудің қажеті болмайды.

Ләззат Ибрагимова мысал ретінде құны 30 млн теңге болатын пәтерді атады. Мұндай жағдайда бастапқы жарна ретінде 15 млн теңге жинау қажет.

Оның айтуынша, азаматтар жинақтау мерзімін алдын ала жоспарлауы тиіс. Мәселен, 48 ай ішінде қажетті соманы ай сайын бөліп жинау арқылы мақсатқа жетуге болады.

– Егер адам 36 ай бойы тұрақты жинақ жасап, қажетті бағалау көрсеткішін орындаса, онда пәтерді тек жұмыс орнын растайтын анықтамамен рәсімдей алады. Бұл жағдайда скоринг талап етілмейді, – деді банк басшысы.

Бағдарламаға көбіне 35 жасқа дейінгі жастар қатысады. Олардың арасында ауылдан қалаға көшкендер, жұмыс істейтін жас мамандар және алғашқы баспанасын алуды жоспарлаған азаматтар бар.

Өткен жылы осы бағдарлама арқылы шамамен 18 мың несие берілген.

Ал биылғы тұрғын үй конкурстарының қорытындысында 16 мың жеңімпаз анықталған. Қазір олар баспана іздеп, төлем қабілетін бағалау кезеңінен өтіп жатыр.

Алайда банк болжамынша, барлық жеңімпаз ипотека ала алмайды.

– 16 мың адамның шамамен 10 мыңы ғана несие рәсімдей алады деп күтіліп отыр, – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның пікірінше, соңғы жылдары қазақстандықтар қаржылық жоспарлауға және өз мүмкіндігін дұрыс есептеуге көбірек мән бере бастаған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады