Көлік үшін жасалған: Абай облысында 2015 жылғы кісі өлтіру ісі 9 жылдан кейін толық ашылды

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2026, 14:47
461
Көлік үшін жасалған: Абай облысында 2015 жылғы кісі өлтіру ісі 9 жылдан кейін толық ашылды Shutterstock

Тергеу жылдар бойы тоқтамай, халықаралық деңгейде жүргізіліп, қылмыстың соңғы қатысушысына дейін әшкереленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында 2015 жылы Ресей аумағында жасалған аса ауыр қылмыс бойынша ұзаққа созылған тергеу аяқталды. Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, іс сотқа жолданды.

Іс материалдарына сәйкес, төрт адамнан құралған топ қымбат автокөлік сатып алмақшы болып, көлік иесін әдейі кездесуге шақырған. Жол үстінде күдіктілер ер адамға шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Кейін оны көлікпен басып өткен. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Осыдан кейін қылмыскерлер көлікті иемденіп, ізін суытқан.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасалғанына тоғыз жыл өтсе де, тергеу жұмыстары тоқтатылмаған. Іс Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдарының бірлескен әрекетімен жүргізілген.

Тергеу барысында куәлар мен күдіктілерден жауап алынып, хат-хабарлар, бейнебақылау жазбалары зерттелген. Сондай-ақ халықаралық сұраулар жолданып, қосымша дәлелдер жинақталған. Нәтижесінде қылмыстық топтың соңғы мүшесінің жүрген жері анықталған. Ол халықаралық іздеуде болып, 2024 жылы Алматы қаласында ұсталды.

Бұған дейін топтың үш мүшесі жазасын алған: біреуі Ресей Федерациясында (Барнаулда), екеуі Шығыс Қазақстан облысында сотталған.

Сот үкімімен соңғы айыпталушы кісі өлтіру және қарақшылық баптары бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция департаменті мұндай істерде ескіру мерзіміне қарамастан, барлық қылмыстың толық ашылып, кінәлілердің жауапқа тартылатынын атап өтті. 

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан