Қазақстанда әкімдік қызметкерлері арасындағы жемқорлық күрт өскен

Азиз Қалижан Редактор
12.05.2026, 16:09
563
Қазақстанда әкімдік қызметкерлері арасындағы жемқорлық күрт өскен Sputnik / Болат Шайхинов

Жемқорлық қылмыстары бойынша сотталғандардың қатарында қорғаныс, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар саласының өкілдері де бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әкімдік қызметкерлеріне қатысты жемқорлық қылмыстары бойынша сотталғандар саны айтарлықтай артты. Сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы сотталғандар көрсеткіші де өскен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеуі мәлімдеді.

18 мың үй шаруашылығын қамтыған зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2025 жылы респонденттердің 13 пайызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы хабардар екенін айтқан. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда айтарлықтай өзгермеген: 2023 жылы — 13,2%, 2024 жылы — 12,8% болған.

Соған қарамастан, аталған органға жүгінетін азаматтар саны өте төмен деңгейде қалып отыр. 2025 жылы сауалнамаға қатысқандардың небәрі 0,8 пайызы ғана антикор қызметіне жүгінген. Қалаларда бұл көрсеткіш 1,1 пайыз болса, ауылдық жерлерде 0,3 пайызды құраған.

Сонымен бірге, қазақстандықтардың антикор қызметіне сенімі жоғары күйінде сақталған. Сауалнамаға қатысқандардың 51,2 пайызы құрылымға толық сенетінін айтса, тағы 31,4 пайызы «көбірек сенетінін» жеткізген. Ал 9,4 пайыз респондент нақты жауап беруге қиналған.

Осы аралықта елдегі тіркелген жемқорлық қылмыстарының жалпы саны азайған. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 605 құқықбұзушылық тіркелсе, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 675 болған.

Ең жиі кездесетін жемқорлық қылмыстары қатарында пара алу мен пара беру әлі де көш бастап тұр. Биыл пара алу бойынша 180, ал пара беру бойынша 176 дерек тіркелген.

Жалпы жемқорлық үшін сотталғандар саны 256 адамнан 248 адамға дейін аздап қысқарғанымен, әкімдік қызметкерлері арасында өсім күрт байқалған. Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың 48 қызметкері сотталса, биыл бұл көрсеткіш 80 адамға жеткен.

Сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы сотталғандар саны 35-тен 48 адамға дейін өскен.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің сегіз қызметкерінен, Төтенше жағдайлар министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінің бес-бестен өкілі жемқорлық қылмыстары бойынша сотталғандар қатарынан табылған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады