Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» арнасының продюсері зорлады деген жігітке жауап берді

12.05.2026, 17:32
1948
Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» арнасының продюсері зорлады деген жігітке жауап берді бейнежазбадан

Желіде жас жігіт бала кезінде өзін «Балапан» арнасының продюсері зорлаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Балапан» арнасының айналасында туған дауға байланысты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында нақты дәлелсіз тұтас ұжымды айыптауға болмайтынын айтты.

Журналистің сөзінше, «Балапан» арнасы көптеген аутсорс-компаниялармен жұмыс істейді. Әртүрлі сериал, мультфильм мен тележобаларды сыртқы продакшн топтар түсіреді, ал олардың құрамында ондаған, тіпті жүздеген адам болуы мүмкін.

«Арна тек тапсырыс беруші тарап. Ал жобаларды жүзеге асыратын — аутсорсер компаниялар. Сондықтан арна қызметкерлерінің барлық адамды жеке тануы міндет емес», — деді ол.

Balapan арнасында 2012-2016 жылдары жұмыс істегенін айтқан Ләйлә Сұлтанқызы сол кезеңде ер продюсерлердің аз болғанын, олардың көбі штаттан тыс қызмет атқарғанын жеткізді.

Сонымен қатар ол егер жәбірленуші расында кінәлі адамның жазаланғанын қаласа, құқық қорғау органдарына ресми арыз түсіру қажет екенін атап өтті.

«Мұндай істермен айналысатын құзырлы органдар бар. Егер нақты адам белгілі болса, заң аясында іс қаралуы тиіс», — деп жазды тележүргізуші.

Журналист бұл мәселеге қатысты өзін әлеуметтік желіде белгілеуді доғаруды да сұрады.

«Мен әріптестерімнің жеке өміріне араласқан емеспін. Біреудің шекарасынан аттауды дұрыс көрмеймін», — деді ол.

Осы арада Balapan да ресми мәлімдеме жасап, арна ашылған 2010 жылдан бері штатта ер адам «продюсер» қызметін атқармағанын хабарлады.

Арна мәліметінше, кейін әлеуметтік желі қолданушысы өз сөзінде айтылған оқиға «Balapan»-ға емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа видео жариялаған және арна ұжымынан кешірім сұраған.

Бұған дейін актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын балалар арнасымен байланысты жобада жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Бұл оқиға әлеуметтік желіде кең талқыланып, кей қолданушылар арнаға бойкот жариялауға шақырған.

Кейінірек актер тағы бір үндеу жасап, бұл мәселе бойынша ашық сұхбат беруге дайын екенін айтты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды