SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Гулькевичи қаласында тоғызыншы сынып оқушысы мектеп ішінде пневматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға салдарынан екі оқушы жарақат алды. Бұл туралы Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев мәлімдеді.
Оның айтуынша, зардап шеккен оқушылар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалаған.
Аймақ басшысының мәліметінше, мектеп оқушысы білім беру мекемесіне пневматикалық қару алып кіріп, екі жасөспірімді жаралаған.
Оқиғадан кейін өңірлік денсаулық сақтау министрлігі мектепке психологтар тобын жіберген. Мамандар оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Прокуратураның дерегіне сәйкес, атыс Гулькевичи қаласындағы №1 мектеп имени М. И. Короткова оқу орнында болған.
RUS