Блогер «продюсер зорлады» деген актерге резонанс жасауға көмектескенін мойындады

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2026, 10:09
611
Блогер «продюсер зорлады» деген актерге резонанс жасауға көмектескенін мойындады instagram.com/asekento.rezerv, instagram.com/nurgali.nugman

Балапанның продюсері зорлады деген жігіт жалған мәлімдеме жасаған болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Нұрғали Нұғманның бала кезінде зорлық көргені туралы мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Алайда енді бұл оқиғаның айналасында «хайп жасалды» деген күдік күшейе түсті.

Нұрғали Нұғман Instagram желісінде бала күнінде туысы тарапынан сексуал сипаттағы зорлық көргенін айтқан болатын. Оның сөзінше, әлгі адам балалар жобасында продюсер болып жұмыс істеген. Актердің мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желіде «Balapan» арнасы да қызу талқыға түсті.

Кейінірек белгілі болғандай, актердің әлеуметтік желідегі танымалдығын арттыруға блогер Асанәлі Құрманғазы көмектескен. Ол стористерінде Нұғманның аудиториясының күрт өскенін көрсетіп, «бір күнде резонанс жасаймыз» деген мазмұндағы жазбалар жариялаған.

Одан соң блогер өз арнасында актерге әлеуметтік желіде «танылуға» көмектескенін ашық айтты. Оның сөзінше, Нұғман бастапқыда небәрі 200 жазылушысы бар қарапайым қолданушы болған.

– Мен тек жұмысымды істедім. Бір күннің ішінде оны Қазақстандағы ең көп талқыланған адамға айналдырдым. Ол өз оқиғасын айтты, ал аудиториясы өсті. Қазір тауарларын сатып жатыр. Егер біреуге хайп немесе ақпараттық шу керек болса, адамдар маған сол үшін ақша төлейді, – деді Асанәлі Құрманғазы.

Блогер қоғам реакциясына да дөрекі пікір білдіріп, көпшіліктің кез келген ақпаратқа сене кететінін айтты. Оның бұл сөздері әлеуметтік желіде ашу туғызды.

Оқиғаның даулы тұсы – блогердің бір сөзінде Нұғманның әңгімесін «шынайы оқиға» деуі, ал келесі видеода аудитория назарын басқаруды және резонанс жасауды меңзегені болды. Осыдан кейін желі қолданушылары актердің мәлімдемесіне күмәнмен қарай бастады.

Нұрғали Нұғман бұған дейін де бірнеше резонансты видео жариялаған. Ол роликтерде есірткіге тәуелді болғанын, сүйіктісіне 15 млн теңге қарыз екенін және ағасының қайтыс болғанын айтқан. Әр жолы актер кейін Қытайға кетіп, кәсіппен айналыса бастағанын атап өткен.

Қоғамдық талқыдан кейін «Balapan» телеарнасы ресми мәлімдеме жасап, арна ашылған 2010 жылдан бері штатта ер адам продюсер болмағанын хабарлады. Кейін Нұғман сөз болып отырған жағдайдың «Balapan» арнасында емес, коммерциялық жобада болғанын нақтылады.

Актер телеарна ұжымынан кешірім сұрап, жаңа видеоүндеу жариялады.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желідегі жарияланымдардан кейін материал тіркелгенін мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта процессуалдық тексеру басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ іске қатысы болуы мүмкін адамдар мен куәгерлерді анықтап жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Полиция балаларға қатысты зорлық туралы кез келген ақпарат ерекше бақылауда болатынын атап өтті. Егер айтылған жайттар расталса, тиісті шаралар қабылданады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады